Салтанат Бақаева тым арықтап кетуінің себебін айтты
Салтанат Бақаева тым арықтап кетуінің себебін айтты
Салтанат Бақаева төртінші ұлын дүниеге әкелген соң, біраз уақыт бойы артық салмақтан арыла алмай жүргенін айтқан еді. Алайда желтоқсан айында әнші өзін қолға алып, арықтауға нақты қадам жасаған екен. Өнер иесі өзін көп нәрседен шектеп, қозғалысын көбейткенін алға тартты.
Қыздар, арықтау процессінде ең бастысы - тұрақтылық. Егер бір күн режимнен шығып кетсеңіз, бастаған ісіңізді тастап кетпей, келесі күні қайта жалғастырыңыз. Екінші мәселе - тамақ жеп жүрген ыдысыңызды кіші ыдысқа ауыстырыңыз! Ең бастысы денсаулығыңызға зияны тимейтін жол іздесеңіз, ешқандай дәрі, ББҚ дегенге сенбеңіз! Азудың бір ғана жолы ол тамақты азайту, қозғалысты көбейту! Мейлі ол 10000 қадам болсын, спорттың бір түрі болсын. Бастысы күнделікті үзбей жасайтын болсаңыз міндетті түрде мақсатыңызға жетесіз! Әдетте мен «арықтау процессін» бастағанда өзімді көп нәрседен шектеп тастайтынмын. Есесіне бір екі күннен кейін өзімді ұстай алмай аттың басын жіберетінмін. Бірақ бұл жолы мен басқа жол таңдадым және сол жол мені мақсатыма жеткізді! Мен бұл жолымды 8 желтоқсанда бастадым.Сол кезден бастап күнделікті жейтін нормамды ақырындап азайттым. 2 апта сайын бірнеше тағамдардан бас тартыңыз. Мысалы, мен қанттан бастадым! Ешнәрсеге қант қоспаймын және тәтті сусындар ішпеймін. 2 апта өткен соң наннан бас тарттым. Келе-келе өзімнің методикамды құрдым, - деп жазды әнші.