Әнші Өмірқұл Айниязов келін түсірді
7 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Танымал әнші Өмірқұл Айниязов ұлын үйлендірді, деп хабарлады Elorda.info.
Әншінің ұлы Нұртуғанның таңдауы семейлік Гүлім есімді аруға түскен. Өмірқұл Айниязовтың отбасы күні кеше дүркіретіп той жасап, келіннің бетін ашты.
“Келінді көрсетіп қояйын көрімдігін «Каспийге» жіберерсіздер. Жастар бақытты болсын!”, – деп жазды әнші өзінің instagram парақшасында. Өмірқұл Айниязов өз қуанышында қазақтың келіндеріне арнап ән шырқады.
Әншінің жары Фарида Айниязова да әлеуметтік желідегі парақшасында тойдағы суреттермен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты