Әнші Асхат Тарғын ата-анасына бағалы сыйлық жасады
3 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Белгілі әнші Асхат Тарғынның жанұясы анасының 70 жас мерейтойы, ата-анасының отау құрғанына 50 жыл толуына орай той жасады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Осы кеште өнер иесі бауырларымен бірге ата-анасына көлік мінгізді.
Әулетімізде үлкен қуаныш той болды. «Қуанышты бөліссең, көбейеді» дейді ғой. Сол қуанышымызбен бөлісейін деп тұрмын. Анам 70 жасқа келді. Әкем екеуінің отау құрғанына 50 жыл толып, алтын тойды Шалқарда атап өттік. Алланың қалауымен әкеміз бен анамызға көлік мінгіздік. Ауыл арасында, той-садақаға мініп жүрсін. Ата-анамыздың ризашылығын тірісінде алғанға не жетсін. Баршаңызға жұғысты болсын, - деп жазды Асхат Тарғын.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты