00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Мен қыдырмаймын»: Жазира Байырбекова күйзеліске түскені туралы ашық айтты

27 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Мен қыдырмаймын»: Жазира Байырбекова күйзеліске түскені туралы ашық айтты
коллаж Elorda.info

Әнші Жазира Байырбекова «Төртеу түгел» бағдарламасында күйеуі Жанболат екеуінің арасында болған дағдарыс кезеңі туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Бізде де бір дағдарыс болды. Ондай  жағдай әр отбасында болады. Жанболат маған бір нәрсе айтып еді, мен қылт етіп күйзеліске түсіп кеттім. Ешқандай айқай-шу, ұрыс-керіс болған жоқ. Сонда менің жан дүнием: “Жазира, өзгер. Өзгермесең ажырас” деп сөйледі. Ал санам: “Бәрі дұрыс қой. Не болды сонша?” деп ішкі дауысыммен арпалысқа түсті. Менің алдымда екі таңдау тұрды: не ажырасамын, не өзгеремін. Жанболатқа келіп: “Мен өзгеремін. Мұнда сенің ешқандай кінәң жоқ. Мен сенің алдыңда не айтсаң соны істеп, сенің рұқсатыңсыз ешқайда шықпай, өзімді тек жұмысқа арналған әйел сияқты ұстаппын” дедім. Біздің жұмыстан қолымыз босай сала, отбасымызға, туған-туыстарымызға қарайласамыз. Мен қыдырмаймын. Әлеуметтік желіде әдемі болып көрінгеніммен, мен жұмыста жүремін, – дейді Жазира Байырбекова.