00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мөлдір Әуелбекова: Тұрмысқа шығамын

16 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мөлдір Әуелбекова: Тұрмысқа шығамын
Фото: moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова алдағы уақытта ұзатылатынын айтты. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

муля.jpg

Желі қолданушысының бірі Әуелбековадан "Сіз өте әдемісіз. Тұрмысқа шықпайсыз ба?", - деп сұраған. Ал Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шықса, сәукеле киіп, ұзатылатынын айтты. "Тұрмысқа шығамын. Әуелі жақсы адамым жолықсын. Сосын бұйырса, сәукелемді киіп, ұзатыламын", - деп жауап берді әнші. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші Мөлдір Әуелбекова екі рет тұрмыс құрған. Бұрынғы некелерінен бір ұл, бір қызы бар.