«Күйеуіңіз қызғана ма?»: Мәдина Сәдуақасова бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)
Әнші Мәдина Сәдуақасова күйеуі жайлы бар шындықты жайып салды, деп жазады Elorda.info.
DASTARХАН бағдарламасына берген сұхбатында ол жұбайының жанынан неге көрінбейтінін түсіндірген.
Бағдарлама жүргізушісі әншіден: «Жолдасыңыз Олжас сізді қызғана ма?» - деп сұрайды.
Мәдина Сәдуақасова күйеуінің үнемі жанында жүретінін айтты. Алайда ол кадрдан көп көрінбейді.
Оқи отырыңыз: «Ер адам душ қабылдап жатқан...»: Мәдина Сәдуақасова күйеуі жазалағанын айтты
Барлығы Олжасты бағдарламаға қатыспайды, концертке гүлмен келмейді, әлеуметтік желіде жоқ деп ойлайды. Негізі ол үнемі жанымда. Бірақ сахнаның сыртында. Көп жерде жанымда жүреді, бірақ кадрға кірмейді. Жақында бейнебаянға түсті. Қазір үйреніп келе жатыр. Өзі де онда тұрған ештеңе жоғын түсінді-ау деймін, - дейді әнші.