00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерке Есмахан Райыммен жас айырмашылығын бетіне басатындарға жауап берді

Ерке Есмахан Райыммен жас айырмашылығын бетіне басатындарға жауап берді
Фото: erke_esmahan

Жақында екінші сәбиіне жүкті екенін жария еткен Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында күйеуімен жас айырмашылығын сөз қылатындарға ескерту жасады, деп хабарлады Elorda.info.

“Алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сол үшін абайлап сөйлеп, аңдап басқан жөн. Алланың өз есебі бар. Мен өз тақырыбымды айта кетейін. Қарап тұрсаңыздар, біздің жас аралығымызға көп тиіседі. Мысалы, жастары қатарлас, күйеуі үлкен немесе әйелі жас жұптар мәңгі бақи бірге, бақытты болады, ажыраспайды деген қағида жоқ қой?! Өмірде неше түрлі тағдырға куә болып жүрсіздер. Бұл “қыздар, жас жігітке күйеуге шығыңдар” деген сөз емес. Тек бақыттың кілті жасқа, ұлтқа байланысты емес. Жүректің тыныштығын, сыйластықты, құрметті, түсіністікті, іңкәрлікті ұштастыру оңай емес. Ал махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолғуы деген екен. Барлығы екі адамға байланысты. Отбасы болу – үлкен еңбек. Сондықтан шаңырақ көтерген әрбір отбасыға бақыт тілеп өтейік. Алла бұйыртса, екі дүниеде де бірге болу арман-мақсатымыз”, – дейді Ерке Есмахан ағынан жарылып.

еркеееееее.jpg

Әнші қайда босанатыны және босанатын күнге қалай дайындалып жүргені туралы да айтты.

“Алла қаласа қазақтың кең байтақ жерінде босанамын. Англияда босанып қалады деп қорықпаңыздар. Әлі ештеңе дайындамадым. Дайындықты түсіріп, желіге салмаймын-ау. Алла бұйыртса, сәби дүниеге келген күні бір сүйіншілетеміз”, – деп жауап берді.

Айта кетейік, қазір жұлдызды жұп Лондон қаласында демалып жүр.