«Екі мың адам шақырамыз»: Сәкен Майғазиев ұлының тойына дайындалып жатыр


Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында шақыру билет алғаннан кейін дереу жауап беремін деп шешіпті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Біз тойымызға 2000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам! Құдайға шүкір, мен жақсы көретін, қадірлейтін жақындарымның көп екені мені қуантады! Алайда біреуі «келем» дейді, біреуі «көреміз» дейді, біреуі — мүлде үнсіз. Сөйтсек, ең қиын нәрсе — кім нақты келетінін анықтау екен.«Келесің бе, келмейсің бе — бір ауыз айтсаңшы!», деп айтқың келіп кетеді. Осы сәтте мен мынаны түсіндім: келесі жолы өзім шақырту алсам — бірден жауап берем! Шақыру билет алғаннан кейін мен дереу жауап беремін деп шешім қабылдадым», - деді Сәкен Майғазиев.



