«Досым да, сырласым да – азаматым»: Қарақат Әбілдина психологқа барып көрмегенін айтты


Бұл туралы әнші, «Парасат» орденінің иегері Қарақат Әбілдина «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бірде-бір рет жүгінбедім. Мұндай бір қажеттілікті байқамаймын. Осы бір шешімін таппаған, басымды тауға да, тасқа да соққан жағдай болған жоқ. Мен үшін менің өмірімде бәрі түсінікті әзірше. Енді алда қалай болатынын бір Алла біледі. Сондықтан болар. Адам бір психолог маманын не үшін іздейді? Жан дүниесі тыныштық таппағанда, сұрақ көбейгенде. Мен үшін әзірге осы күніме дейін барлығы түсінікті. Сол ата-анамның көрген тәрбиесімен келе жатырмын. Жалпы менің ақылшым да, кеңесшім де, досым да, сырласым да азаматым ғой, Қыдыкем. Екеуіміз не істесек те, қабырғамызбен кеңесіп, ақылдасып, яғни сол кісінің батасымен, алғысымен қимылдап келемін. Жаман емес сияқты», - деді әнші.



