Дариға Бадықованың көрермендерге өкпесі қара қазандай екен
Өнер иесі жақында ғана көпшілікке жол тартқан тырнақалды туындысы «Таптым-ау сені» фильмін желіде рұқсатсыз жариялап жатқандарды сынға алды, деп хабарлады Elorda.info.
Дариға Бадықова фильмін рұқсатсыз жариялап жатқандарға Instagram парақшасында үндеу жасады. Актриса көпшілікті еңбекті бағалауға шақырып, заңсыз әрекетті доғаруды ескертті. Өнер иесі бұл жағдай тоқтамайтын болса, сотқа жүгінетінін жеткізді.
Құрметті көзі қарақты көрермен! Бұл менің алғашқы бар ынтаммен, махаббатыммен сіздерге ұнаса ғой деп тілеп түсірген фильмім ғой! Бұл фильмде кадр сыртында сексенге жуық ұжым жұмыс істеді. Еңбектену қашан да оңай емес. Кейде бұл еңбекті бағаламай құнсыз етіп, фильмді еш рұқсатсыз Youtube желісіне, Telegram-ға салып жатқандар да бар. Мен кей кісілерден өтініп сұраймын. Фильмді қай бір желіге рұқсатсыз салсаңыз, заңсыз әрекет жасағаныңыз. Бір-бірімізге заң пайдаланып, қырылысып жатамыз ба? Одан да желіге салуды доғарыңыздаршы. Доғарылмаса ұят болады! Заңға берсем, кім жаман Дариға жаман болып қаламын, - деп жазды ол.