00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Белгілі блогер сүйіктісіне 2000 дана раушан гүлін сыйлады

15 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Белгілі блогер сүйіктісіне 2000 дана раушан гүлін сыйлады

Көпшілікке Zheka лақап есімімен танымал блогер Жеңіс Омаров жұбайына 2000 дана раушан гүлін сыйлады, деп хабарлады Elorda.info. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында жазды. 

 

"Менің өмірімдегі ең маңызды адам - анам. Оны сіздер де білесіздер. Анама 5000 дана раушан гүлін сыйладым. Аналардың құрметіне мурал салдым. Осылайша махаббатымды дәлелдегім келді. Қазір өмірімде екінші маңызды әйел пайда болды. Ол - мен үшін сүйікті жан, болашақ балаларымның анасы. Біз некемізді қидырдық, бірақ той жасамадық. Өйткені, барлығы жылдам өтіп жатыр. Бәрін қабылдап, түсініп үлгермей жатырмыз. Бүгін сүйіктімді ерекше қуантып, махаббатымды көрсетемін деп шештім", - деді блогер видеода. 

Видеодан блогердің сүйіктісінің тосынсыйға таңғалғанын көруге болады. Сонымен қатар Zheka Fatbelly ер азаматтарды сүйіктісіне жиі қуаныш сыйлауға шақырды. 

"Бұл видеоны ғашықтар ескерсе екен деймін. Сыйластық пен махаббатыңыз азаймасын. Ер азаматтар, әйелдеріңізге гүл сыйлаңыздар. Олар қуанса, біз содан қуат аламыз. Ал құрметті әйелдер қауымы, сіздер ер азаматтың осындай сыйлық жасауына себепкер болып, бізді шабыттандырудан шаршамаңыздар", - деді блогер Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, блогер Zheka Fatbelly жақында мұсылманша некесін қидырған болатын.