00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Семіре беруге болады»: Атышулы блогер отбасылық өмірі туралы айтты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Семіре беруге болады»: Атышулы блогер отбасылық өмірі туралы айтты

3 ай бұрын тұрмысқа шыққан атышулы блогер Айжан Байзақова отбасылық өмірі туралы сыр шертті, деп жазады Elorda.info.

Осы орайда ол оқырмандары «Отбасылық өмір қалай екен?» деп сұрайтынын тілге тиек етіп, оларға жауап берді.

3 ай отбасылық өмір 10 жыл емес, әрине. Бірақ көп нәрсе өзгерді. Күйеуге тиюдің артықшылығы көп. Біз бір команда сияқтымыз. Бұл көп дүниеге ынталандырады. Кешке үйге келгенде менің шағымымды тыңдайтын адам бар. Мені ешкім мәжбүрлеп тамақ әзірлетіп жүрген жоқ. Бұл – менің қалауым. Көп жаңа тағамдар әзірлеп үйрендім. Күйеуімнің айтуынша, мен мінсіз әйелмін. Одан басқа не керек? Күйеуім шаруақор адам. Қолынан бәрі келеді. Туыстарым көбейді. Сондықтан мен де, күйеуім де ашық-шашық дүниелерден бас тарттық. Семіре беруге, боянбауға болады. Себебі, сүйіктім мені бар болмысымен жақсы көреді. Қалжыңдаймын. Ұлым Алан күйеуіме қарап спортпен айналысқысы келіп жүр. Тұрмысқа шығудың бір кемшілігі «Қашан бала туасың?» деп сұрайтындар көп, – деп жазды Айжан Байзақова.