«Көңілім түседі»: Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні жан сырын ақтарды
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні Жібек өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, Жібек соңғы кездері «әйел энергетикасын көтеру» тақырыбында ақылы тренинг өткізіп жүр. Тренингтің бір айлық ақысы 8 мың теңгеге жуық. Ал бұл баға кез-келген қыз-келіншектің қалтасына салмақ салары анық. Сондықтан оның оқырмандары: «Ақылыңды тегін айтпайсың ба?» деп оны сынға алды.
«Ой тегін екен десем. Барлығы неге ақыл айтқыш болып кеткен?», «Қатыспаймын. Ақшам жоқ» деп жазған желі оқырмандары.
Бұл сөздер Жібектің шамына тигенге ұқсайды.
Мен неге өз білімімді тегін оқытуым керек? Бұның артында қаншама дайындық, команда және менің алтын уақытым жатыр. Өзінің біліміне, өзінің дамуына қаражат бөлгісі келмесе, демек, тегін үйретсең де ешнәрсе ұқпайды деген сөз. Осындай қыздар үнемі «негатив» іздеп отырады. Олар қалай өмір сүреді екен?», — дейді Жібек.