«Лақтырып кетті»: Сейфуллин Жолбарыс өзін айыптаған Шадаеваға жауап берді (ВИДЕО)
Белгілі сазгер, әнші Сейфуллин Жолбарыс «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында әріптесі Бақыт Шадаеваның «үйімді тартып алды» деген айыптауына жауап берді, деп жазады Elorda.info.
Оқи отырыңыз: «Лақтырып кетті»: Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарысқа үй беріп, ақшасын толық алмағанын айтты (ВИДЕО)
Ол әңгіме бар. «Менің үйімді тартып алды» деген әңгіме айтылды. Мен енді былай айтқым келеді: Егер мен шынымен біреудің үйін тартып алсам, сотқа, прокуратураға барсын. Сосын халыққа соны дәлелдеп, «Сейфуллин Жолбарыс үйімді тартып алды» десін. Құр сөзбен айтқан ол қандай факт? Мен хайп деп ойлаймын. Мен ондай нәрсені мүлде білмеймін. Керек болса, мен одан үй де алған жоқпын. Мен оның альбомдарының ақшасын да алған жоқпын. Сондықтан менің күлкім келеді. 90-жылдар емес қой, бандиттер келіп үйіңді тартып алып кететін. Егер мен үйін тартып алсам, сотқа берсін. Өшіп бара жатқан әншілер сөйтеді ғой. Атағын шығарғысы келіп отырған шығар. Мысалға неге «Димаштың дауысы қойылмаған» деп айта салды. Сейфуллинді қоя салыңыздар. Егер қағаз жүзінде тартып алсам, әкеп көрсетсін, - деді әнші.
Тағы оқыңыз: Димаш Құдайберген алысқа бара алмайды... – Бақыт Шадаева (ВИДЕО)