Сенаторлар пошта туралы заңнамадағы өзгерістерді талқылады

28 қаңтар, 2025
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Сенаторлар пошта туралы заңнамадағы өзгерістерді талқылады
Фото: parlam.kz

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz

Заң бірқатар негізгі салалардағы құқықтық инфрақұрылымды жетілдіруді көздейді. Онда пин-код арқылы пошта жөнелтілімдерін алу құқығын растау тетігін енгізу мен поштаматтарды орналастыру тәртібін нақтылау негізгі жаңалықтың бірі болып отыр. Заң ұлттық пошта операторына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау және оны сақтау құқығын береді және осы саладағы логистиканы жақсартуға мүмкіндік туғызады.

Заңда сондай-ақ «құндылығы жарияланған почта жөнелтілімі» деген жаңа ұғым енгізілді және почта инфрақұрылымын сақтау үшін жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қатысты ережелер нақтыланған. 

Комитет талқылау қорытындысы бойынша заңды Сенат отырысының қарауына жіберуді ұсынды.