Президент сөгіс жариялады: Қарабаев алдағы жұмыс жоспарын айтты
23 мамыр, 2025


Фото: Primeminister.kz
Бұл туралы Көлік министрі Сенат кулуарында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Марат Қарабаевқа БАҚ өкілдері Президенттің сөгісі туралы есіне салды. Журналистер министрден сөгістен соң қандай сезімде екенін, бұл сынға қалай қарайтынын сұрады.
«Саяси мемлекеттік қызметшінің Мемлекет басшысының шешімін талқылауға құқығы жоқ. Ал біздің министрлікке, министрлік қызметкерлеріне келетін болсақ, біз Президенттің алдымызға қойған тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау үшін бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. Мен осы мемлекеттік органның бірінші басшысы ретінде өзіме артылған сенімді ақтау үшін бар күшімді саламын», - деп жауап берді министр.
Ұқсас жаңалықтар

26 маусым, 2025
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған шарт ратификацияланды – Дархан Қыдырәлі

26 маусым, 2025
Мыңнан астам ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылады – Бибігүл Аққожина

26 маусым, 2025
Сенат Жоғарғы Соттың судьяларын қызметінен босатты

29 мамыр, 2025
Несиені ойланбастан алуды болдырмау үшін 24 сағатқа «салқындату» кезеңі енгізіледі – Сергей Карплюк