00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жолдауда жаңа бастамалар жарияланды – ғылыми қызметкер

2 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Жолдауда жаңа бастамалар жарияланды – ғылыми қызметкер
Фото: Мейманхожа Нұрмұхаммедтің жеке мұрғағатынан

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың биылғы Жолдауында мемлекеттің дамуындағы басты құндылықтар қатарында әлеуметтік-экономикалық , саяси-әлеуметтік, құқықтық заңнамалар туралы жаңа бастамалар жарияланды. Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығының ғылыми қызметкері Мейманхожа Нұрмұхаммед Жолдауға қатысты осындай пікір айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жолдаудың идеялық негіздері бойынша азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жоғарылату, кәсіпкерлікті қолдау, қаржылық сауаттылықты арттыру тәрізді маңызды бастамалар тыңдалды. Сонымен қатар, қоғамның дамуындағы басты талаптар қатарында «ашықтық пен толеранттылық» принциптерінің маңызды бағыттары айқындалып, азаматтардың қоғамдық келісімді нығайтуға үндейтін пікірлері орынды деп бағалануда», - деді Мейманхожа Нұрмұхаммед.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының жастар арасындағы  экстремизм мен лаңкестіктің түрлі  идеяларына қарсы тұру үшін тиісті профилактикалық заңнамамен қатар, қоғам ішіндегі күмәнді, жалған ақпарат тарату мәселесінің өткір болып тұрғанына назар аударғанына тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысының жаңа бастамалары қоғам арасында даму мен кемел келешектің алғы шарттарына айналуда. Халықтың бірлігі мен жасампаздық рөлінің артуы бүгінгі заманға аса қажет құбылысқа айналып отырғаны белгілі. Жолдаудағы адами капиталды дамыту, әділеттілік қағидаттарын нығайту, қоғамды ортақ құндылықтарға біріктіру талаптарының маңыздылығы артып отырғанын айтқымыз келеді», - спикер.