Тоқаев Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілін қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілі – Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады.
Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті.
Тимоти Муса Кабба арнайы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Мааданың сәлемін жеткізді.
Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастарды дамыту, түрлі саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:24
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Бүгін, 12:13
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

27 тамыз, 2025
Тоқаев пен Иордания Королі «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

27 тамыз, 2025
Иорданиялық компаниялар Қазақстан нарығына инвестиция салуға ниетті – Иордания Королі ІІ Абдалла