Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
– Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:05
Тоқаев жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрін қабылдады

Бүгін, 16:04
Президент жаңадан тағайындалған министрге бірқатар тапсырма берді

Бүгін, 15:05
Тоқаев: Италия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық серіктесі

Бүгін, 14:41
Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары награда табыстады