Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары награда табыстады

Фото: akorda.kz
Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары наградасы – «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденін тапсырды.
Еліміздің бұл жоғары наградасы Италиямен достық қатынасты нығайтуға үлес қосқан мемлекеттер басшыларына ғана беріледі. Сіздің әлемдік тәртіпті қамтамасыз етуге және бейбітшілікті қолдауға бағытталған қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Италия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ұдайы атсалысып келе жатқаныңыз үшін ризашылық білдіреміз. Сізге табысталып отырған бұл марапат біздің Республикамызға сіңірген еңбегіңіздің бағасы, – деді Италия Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың қолынан Италияның жоғары мемлекеттік наградасын алу зор мәртебе екенін жеткізіп, алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:04
Президент жаңадан тағайындалған министрге бірқатар тапсырма берді

Бүгін, 15:05
Тоқаев: Италия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық серіктесі

Бүгін, 14:33
Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелланы І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін, 13:35
Астанада Марко Поло атындағы көше ашылады