Тоқаев Нашақорлыққа қарсы штабты Үкімет деңгейіне көтеруді тапсырды

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында наркотизмге қарсы күрес мәселелері қаралды. Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық штабты Ішкі істер министрлігінің қарауынан алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейіне көтеруді тапсырды», - деп жазды Руслан Желдібай.
Бұл нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресті жандандыруға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар арасындағы жұмысты анағұрлым тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Президент нашақорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырған болатын.



