Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады
17 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы нақты іс-әрекеттердің маңызды бағыттары, соның ішінде Орталық Азия бойынша Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталық аясындағы мәселелер талқыланды.
Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын ашу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Мирослав Енча Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық деңгейіне, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға берді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды