Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді, деп хабарлайды Elorda.info.
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Олардың бірі – сыбайлас жемқорлық.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді.
Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сол себепті, Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
Еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күресу – баршамызға ортақ міндет. Бұл бағытта соңғы үш жылда біраз шаруа атқарылды. Мысалы, осындай қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Бұдан былай олардан қайтарылған қаражат мектеп салуға жұмсалады. Жемқорлықпен күрес тиімді болу үшін, мемлекеттік сатып алу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ құзырлы орган басшыларының жауапкершілігі артты. Бір сөзбен айтқанда, жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды, жалғаса береді. Сонда ғана біз осы індеттен таза қоғам құрамыз. Бұл – менің стратегиялық мақсатым, - деп атап өткен болатын.
Осы орайда, Астана қаласының «Байқоңыр» ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру жөнінде жыл сайын тиісті шаралар мен жоспарлар жүзеге асырылады. Соның ішінде 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын атап өткім келеді.
Мәселен, мемлекеттік органдар, құқықтық тәртіп, қоғамдық кеңестер, сарапшылар қауымдастығы, ардагерлер және басқа да ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен кездесулер, пікірталас алаңдары, дәрістер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды;
Мемлекеттік билік органдарының, қоғам мен жастардың өзара іс-қимыл мәселелерін өзектендіру мақсатында мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен диалогтар өткізілді.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына төмендегідей жұмыс жоспарлары әзірленді және бірқатары жүзеге асырылды:
Атап айтар болсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік карикатураға конкурс өткізу;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде ашық алаңдар өткізу;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнематериалдар әзірлеу;
Бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында тұрғындармен тұрақты кездесулер, жеке қабылдаулар, аралау жұмыстары жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері әр сәрсенбі сайын елордалық мәслихат депутаттары мен қалалық басқарма өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті мекеме басшылары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіліп келеді. Онда ауданның орталық бөлігінен бастап, тұрғын алаптарға дейін барлық аумақтар қамтылады. Аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдап, тиісті шешім қабылдау мақсатында бастау алған бұл науқан қазіргі таңда «Ашық есік күнімен» жалғасуда. Айта кетейік, бүгінде ауданымыздың дамуы мен өзекті мәселелердің шешімін табуына белсенді тұрғындардың ықпалы жоғары. Олар ауданның белсенділері ретінде жергілікті тұрғындарды мазалаған түйткілді мәселелер мен олардың ұсыныс-пікірлерін жинақтап, жүйелі шешімін табуына септігін тигізіп келеді. Тұрғындармен бетпе-бет форматындағы «Ашық есік күні» бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бұдан бөлек, тікелей әр бөлімнің мамандарымен, аудан әкімі ретінде менің жеке қабылдауыма жазылып, тілдесіп, өз мәселелерінің шешімін таба алады.
Ауданды аралау барысында тұрғындардың ұсыныстарына құлақ асу – өте маңызды шаралардың бірі. Онда абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру, инфрақұрылым, санитарлық-тазалық, әлеуметтік салаға қатысты сұрақтар жиі келіп түседі. Бүгінде олардың тілге тиек еткен мәселелерін тиісті деңгейде шешу мақсатында бірқатар бағдарламалар да жүзеге асырылуда. Мәселен, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында бүгінге дейін едәуір аулалар күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, жаңа қалыпқа келді. Жарықтандыру жұмыстары да жүзеге асырылды. 2023 жылы аталған жобада жеңіп шыққан 20-дан аса ауланы күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта абаттандырылып, пайдалануға берілген аулалалар да бар. Айта кетейік, өткен 2022 жылы ауданда барлығы 55 аула алаңы жаңартылып, бірқатар аулаларда қосымша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2023 жылдың I тоқсанындағы әкім аппаратымен қызметтік әдеп нормаларын сақтау аясында Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмектер көрсету, оның ішінде: мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға, азаматтардың жеке қабылдаулары, сондай-ақ, аралау кездесулер ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерінің алдын алу шаралары, Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін анонимді сауалнама жүргізу жұмыстары да өз кезегінде атқарылып келеді.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осымен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Досхан ТҰЯҚПАЕВ
Астана қаласы
Байқоңыр ауданы әкімінің міндетін атқарушы