00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумда дауыс берді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумда дауыс берді
Фото: parlam.kz

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумға қатысты. Палата спикері ҚР Ұлттық кітапханасында орналасқан дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәулен Әшімбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында республикалық референдумға шығарылған мәселе еліміз үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай жалпыұлттық дауыс беру үдерісі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуының жарқын көрінісі екені айтылды.

Сонымен қатар Сенат төрағасы қазақстандықтарды өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, референдумға белсенді қатысуға шақырды. Мәулен Әшімбаев еліміздің және келер ұрпақтың болашағы жолында әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін де тілге тиек етті.