Семсерлесуші спортшылар лицензиялық турнирге аттанды
26 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
27-28 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Олимпиадаға жолдама беретін жарысқа 28 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар.
Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды:
Әйгерім Сарыбай – сабля;
Артем Саркисян – сабля;
София Николайчук – шпага;
Ғалым Нұрымов – рапира;
София Ақтаева – рапира.
Айта кетелік, мұнда әрбір қару түрінен бір жолдамадан ойнатылады. Сондықтан, Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін тек қана бірінші орын иелену керек.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорды қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Президент күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Ішкі істер министрі Президентке есеп берді
18 қыркүйек, 2024
Президент Қырғызстанмен өткізу пункттерінде индустриялық кешен құру туралы Заңға қол қойды