Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қорытындысы жарияланды
25 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Қазақстан Республикасы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталды. Ұлттық комиссияның шешімімен Резервке 50 адам қабылданды, деп хабарлады Elorda.info.
Іріктелген кандидаттардың тізімі pkrezerv.gov.kz. сайтында жарияланды.
Жалпы Ұлттық комиссияның қарауына жіберілген 100 үміткердің қорытынды кезеңнен өтпей қалған 50-іне өңірлік кадрлық резервтерге өту ұсынылады.
Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтар саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервте болу мерзімі – 3 жыл.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорды қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Президент күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Ішкі істер министрі Президентке есеп берді
18 қыркүйек, 2024
Президент Қырғызстанмен өткізу пункттерінде индустриялық кешен құру туралы Заңға қол қойды