Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ-ның тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді.
Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты.
Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:25
Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес сала сарапшылары сөз сөйледі

Бүгін, 14:15
Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды

Бүгін, 14:10
Мемлекет басшысы жасанды интеллект зерттеу университетін ашуды тапсырды

Бүгін, 14:04
Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласындағы негізгі басымдықтарға тоқталды