Қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек – Тоқаев
31 мамыр, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз.
Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр.
Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз, – деп жазды Президент.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорды қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Президент күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Ішкі істер министрі Президентке есеп берді
18 қыркүйек, 2024
Президент Қырғызстанмен өткізу пункттерінде индустриялық кешен құру туралы Заңға қол қойды