00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Италия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

12 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Италия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Antonio Masiello

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elorda.info  Ақорданың ресми сайтына сілетеме жасап.

Оқи отырыңыз: Италияның бұрынғы Премьер-министрі Сильвио Берлускони дүние салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның көрнекті мемлекет қайраткері, бұрынғы Премьер-министрі Сильвио Берлусконидің дүниеден өтуіне байланысты Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы өз жеделхатында Сильвио Берлусконидің Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға орасан зор үлес қосқанын атап өтті.