Президент Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды.
Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.
Ұқсас жаңалықтар

17 тамыз, 2025
Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

17 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

17 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

16 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі туралы пікір білдірді