Президент «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасын қабылдады


Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
– жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде «Эгмонт» тобының маңызы зор екеніне назар аударды; – Қазақстанның «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады; – заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді.
Эльжбета Франков-Яскевич:
– Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.



