Мемлекет басшысы Молдова Президенті Майя Сандумен кездесті
13 қараша, 2024


Фото: Ақорда
СОР29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Майя Сандумен кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдеріміз арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ президенттер екіжақты жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:03
Мемлекет басшысы Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 09:08
Мемлекет басшысының атына Құрбан айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

Бүгін, 08:04
Президент қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

5 маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен сөйлесті