00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлихан Смайылов қазақстандықтарға алғыс айтты

Әлихан Смайылов қазақстандықтарға алғыс айтты
Фото: primeminister.kz

Әлихан Смайылов қазақстандықтарға алғыс айтты

Ең алдымен, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сындарлы уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметін басқаруға сенім білдіргені үшін зор алғысымды білдіремін. 

Өткен екі жыл қоғам үшін шешуші кезең болды. Мемлекет басшысы жаңа Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған аса маңызды саяси және экономикалық реформаларға бастамашылық жасады, - деді Ә.Смайылов. 

Оның айтуынша, Үкімет осы реформаларды іске асыру және еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қызмет етті. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының арқасында бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,1%-ті құрады. Барлық негізгі секторлар оң даму динамикасын көрсетті. Инфляция екі есеге төмендетілді. 

Елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі екі жыл қатарынан соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Оның жылдық көлемі 26-28 млрд долларды құрады. 

Ұлттық қордың активтері былтыр 4 млрд долларға өсіп, 60 млрд доллардан асты. Рейтингтік агенттіктер ұлттық экономиканың тәуелсіз рейтингі мен инвестициялық сенімділігін растады. 

Үкіметтегі барлық әріптестеріме, сондай-ақ депутаттық корпусқа бірлескен және нәтижелі жұмыс үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

Сонымен қатар еліміздің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір қазақстандыққа алғыс айтамын, - деп түйіндеді ол.