00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

22 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті
коллаж Elordainfo.kz

Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз отыз тоғызыншы отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

 

Тараптар шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау бойынша жұмысты жалғастырып, 2024 жылға арналған далалық демаркациялық жұмыстардың жоспарына түзетулер енгізді, сондай-ақ мемлекеттік шекараны оның кейбір аумақтарында белгілеуге байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы шілде айында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.