Италия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бүгін, 15:59
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views59
Италия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Фото: akorda.kz

Ақорда Мемлекет басшысының алдағы күндердегі жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді.

27 қыркүйекте Астанаға Мьянма Президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді. Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.

29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия Президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.