Италия Премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Рим халқына қолдауы үшін алғыс айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Италия Премьер-министрі бұл туралы Twitter желісінде жазды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Астана мен Рим арасындағы тығыз ынтымақтастық пен оның әрі қарайғы дамуына ортақ қызығушылық танытқан жылы әңгімелесу болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италиядағы су тасқынынан қаза тапқандарға байланысты біздің Үкіметке көңіл білдіргені үшін алғыс білдіремін, - деп жазды.
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлескен еді.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.