00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерлан Саиров: Жаңа заң еліміздегі демократияны дамытудың тікелей нақты қадамы

Ерлан Саиров: Жаңа заң еліміздегі демократияны дамытудың тікелей нақты қадамы
коллаж Elorda.info

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  “Қоғамдық бақылау туралы” Заңға қол қойды. Қабылданған жаңа заңның артықшылығы мен  пайдасы туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров  Elorda.info сайтына пікір білдірді.

Президентіміз күні кеше ғана қол қойған  “Қоғамдық бақылау туралы” Заңда елдегі Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қоғамдық бақылау орнату тетіктері қарастырылған. Яғни осы заң Конституцияда көрсетілген Қазақстан халқының мемлекет ісіне тікелей араласуының заңдылық құжаты болады.

Сонымен қатар, бұл заңда «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен оған еншілес компаниялардағы мемлекеттік және әлеуметтік ғылыми жобаларға, Назарбаев зияткерлік мектептеріне қоғамдық бақылау орнату нақты көрсетілген. Сондай-ақ азаматтардың петиция беру құқығын орналастырып, оны іс жүзінде жүзеге асыру, әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің оқу орындарына барып, олардың әлеуметтік жағдайымен танысу құқығына ие болуы қарастырылған. Яғни, бұл заңдағы петициялар институтының енгізілуі біздің еліміздегі демократияны дамытудың тікелей нақты қадамы деп айтуға болады. 

Жалпы қоғамдық бақылау дегеніміз елімізде әсіресе аймақтардағы бюджеттің қадағалануы, сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс негізінде ірі инфрақұрлымдар салу кезіндегі сапасына қоғамдық бақылау жасау секілді негізгі бағыттар қамтылған. Нәтижесінде билік пен қарапайым халық арасындағы байланыс артатын болады. Жоғарыда айтқанымдай мемлекет қаржысына салынып жатқан кез-келген инфрақұрылымдық құрылыстардың қаражатын халық өзі бақылап отырады. Бұл бақылау оның сапалы жасалуына септігін тигізеді. Яғни, қоғам мүшелері мемлекет қаражатының қанша және қайда жұмсалып жатқандығынан хабарар болып отырады. 

Бір сөзбен айтқанда қабылданған жаңа заң халық пен билік арасын жақындату мәселесінде айтарлықтай роль ойнайды. Сол себепті де өте маңызды дер кезінде қабылданған заң деп санаймын.