Елімізде қазақ-француз университеті ашылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Француз Республикасы Президенті Эмманюэль Макрон бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info Aқордаға сілтеме жасап.
Кездесуде «Болашақ» бағдарламасына қатысатын француз университеттерінің тізімін кеңейтілетіні айтылды.
Президенттер жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың басымдылығын атап өтті. Осы орайда, «Абай-Верн» екіжақты бағдарламасы аясында грант санын ұлғайту және «Болашақ» бағдарламасына қатысатын француз университеттерінің тізімін кеңейту есебінен қазақ студенттерінің Францияда білім алуын арттыруды құптады. Тараптар Қазақстанда Қазақ-француз университетін құру жұмысын жалғастырады. 2023 жылғы 1-3 қарашада Алматы қаласында Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII Халықаралық форумының өтуін құптады, - делінген ақорда таратқан ақпаратта.