00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Экс-депутат Бекболат Тілеухан Тина Канделакиге жауап берді

22 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Экс-депутат Бекболат Тілеухан Тина Канделакиге жауап берді

Жақында ресейлік журналист Тина Канделаки өзінің Telegram-парақшасында Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған болатын. Канделаки «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудыратын шешім екенін алға тартқан еді. Көрші елдің медиа өкілінің бұл орынсыз пікіріне экс-депутат  Бекболат Тілеухан жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Экс-депутат Тина Канделакидің қазақстандық әлеуметтік желі пайдаланушылармен пікірталасқа түсіп, онда Қазақстанда орыс тілінің мемлекеттік деңгейде ығыстырылып жатқанын айтқанын дәйек ете отырып, орыс тілді мектептер түгел жабылып, ескерткіштер жойылып жатқаны және зейнеткерлердің аязға қуылып жатыр деп жала жапқаны туралы айтты. Бұған орай еліміздің блогерлері мен әлеуметтік желі қолданушылары «біз орыс тілін ығыстырумен айналыспаймыз, керісінше мемлекеттік тілімізді өзінің сыйлы орнына қою үшін тырысып жатырмыз, өйткені бұған дейін қазақ тілі ауланың бір бұрышына ығыстырылып қалған еді» деп әділ жауап бергенін де тілге тиек етті. Ал әр ел өз қалалары мен көшелерін қалай атаймын десе де, өз еркі бар. 

Сіз біздің халықты өз елімізге ыңғайлы атау бергеніміз үшін тәкаппарлықпен «манкурт» деп атайсыз. Егер сіз бұл сөздің мағынасын ұқсаңыз, онда сіз бүкіл халыққа ауыр қиянат жасап отырғаныңызды білуіңіз керек. Меніңше, сізге Солтүстік Кавказда мұндай сөздерді оңды-солды жосықсыз айта беруге болмайтынын үйрету керек еді. Медиа саласының маманы ретінде де бұл туралы білмеуіңіз мүмкін емес. Демек, сіз саналы түрде аранадатушылық  жасап отырсыз. Халықтарымыздың  арасына араздық  отын тұтатып отырсыз. Сіз бізге тату көршілік  туралы айтасыз да, бізді сондай сөздермен мұқатуға құқығыңыз бар деп санайсыз. Қалай өмір сүру керек екенін, әр халық өзі біледі, - деді Бекболат Тілеухан. 

Сондай-ақ, Бекболат Тілеухан ресейлік журналистің жақында «Достық» орденін алғанына таңғалды.

Сізге не үшін бұл орден берілгені маған мүлдем түсініксіз. Сіз дос болудың не екенін білмейсіз. Қазақтар аштық пен қуғын-сүргіннен өздері әрең аман қалса да, сталиндік саясаттың соққысы салдарынан тентіреп жер аударылып келген  бүкіл халықтарды өз жерінде қабылдады. Қазақтар майданға қолдағысын бәрән беріп отырса да, мал тиейтін вагондармен әкелініп, күресінге тасталған адамдармен соңғы нанын бөлісті. Егер сіз біздің халқымызды қарттарды аязға қуып жібереді деп кінәлап отырсаңыз, онда нағыз мәңгүрт біз емес, сіз! Сіз бұл тарихты ұмытып кеттіңіз немесе білмейсіз. Егер сізге мұндай сезімдер таныс болса, ұялуыңыз керек, - деді ол.