00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту керек»: Президент нақты тапсырма берді

«Бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту керек»: Президент нақты тапсырма берді
Оңалхан Оңерхан

Қасым-Жомарт Тоқаев орта бизнеске нақты қолдау көрсету мәселесіне айрықша мән беру керектігіне тоқталды. 

«Микро және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бір реттік төлем жасауды енгізу ісі де аяқсыз қалды. Бұл норманың енгізілгеніне бір жылдан асты. Уәкілетті органдар жұмыстың табысты атқарылғаны туралы есеп берді. Ал бизнес өкілдері бұрынғысынша салық пен жарнаны бюджеттік емес қорларға жеке-жеке төлеуді жалғастырып жатыр», - деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев орта бизнеске нақты қолдау көрсету мәселесіне айрықша мән беру керектігіне тоқталды. 

«Мысалы, көп жағдайда бизнесті қолдан ұсақтап жатады. Кәсіпкерлерді тиісті санатқа бөлу әдістемесі дұрыс жолға қойылмаған. Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде орта бизнеске басымдық берілуі керек. Осы мәселелерді міндетті түрде шешу қажет. Бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту керек, соның ішінде реттеу қағидатын қолдану арқылы ықпал етуді доғарған жөн. Тоқетерін айтсақ, осы салаға сапалы өзгеріс жасау керек», - деп қорытындылады Мемлекет басшысы.