00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бішкекте қазақ-қырғыз жастар форумы өтті

19 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бішкекте қазақ-қырғыз жастар форумы өтті
Фото: Elordainfo.kz

Екі елдің жас көшбасшылары жастар саласының ынтымақтастығы мен дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, қоғам қайраткерлері, жастар және студенттік ұйымдар қатысты.

Ашылу салтанатында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы сөз сөйлеп, қазақ пен қырғыз – ежелден іргесі бөлінбеген, тарихы мен тағдыры егіз ұлттар екендігін атап өтті.

Тарихқа құрмет көрсетіп, жетістікке жігермен және адалдықпен ұмтылсаңыздар, сіздер алмайтын асу жоқ, - деді Мәулен Әшімбаев.

Форумның екінші күнін Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ашып, қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайтуда жастардың алатын орны ерекше екенін тілге тиек етті.

Бұл форум екі ел жастарын ынталандыру және пікір алмасу, олардың түрлі саладағы жетістіктерін қолдау және тану, сондай-ақ, алдарында тұрған өзекті мәселелерді анықтау және шешу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Форумға қатысушылар білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, мәдени алмасу және жастардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселелерін талқылады. 

Айта кетейік, тәуелсіздік алғаннан бері қазақ-қырғыз жастар форумы тарихта тұңғыш рет өткізіліп отыр.