БҰҰ Бас Ассамблеясы ұйымның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарар қабылдады

фото: unsos.unmissions.org
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы бүгін өзінің Telegram парақшасында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
«Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі. Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылық білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады», - деп жазды Руслан Желдібай.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:39
Көлік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстан мен Германия екіжақты келіссөз жүргізді

21 қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрін құттықтады

21 қазан, 2025
Қазақстан Орталық Азия мен ЕО арасындағы өңіраралық байланыс перспективаларын айқындады

21 қазан, 2025
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері брифинг өткізді