Қазақстан мен Молдова байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды

2 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан мен Молдова байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды
Фото: akorda.kz

Президент Молдова Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу барысында қазақ-молдован байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Молдова елшілігінің ашылуы екі елдің өзара достық қарым-қатынас пен сан қырлы серіктестікті нығайтуға ұмтылысын көрсететін айтулы оқиға екенін айтты.

Өз кезегінде Михай Попшой Мемлекет басшысымен бірге барша қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қазіргі халықаралық жағдайда дипломатияның ерекше рөл атқаратынына тоқталды.

Әңгімелесу барысында өзара мүддеге сай келетін түрлі салада экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы қарастырылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Молдова Президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады.