00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы визаны жеңілдету талқыланды

28 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы визаны жеңілдету талқыланды
Фото:ҚР СІМ

Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы визаны жеңілдету талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады.

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:

  • визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;
  • консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;
  • өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту;
  • көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту,- деп жазды СІМ баспасөз қызметі.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.