Абу Дабидің Тақ мұрагері елордадағы №84 мектеп-лицейге барды

Бүгін, 16:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Абу Дабидің Тақ мұрагері елордадағы №84 мектеп-лицейге барды
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейге барды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәртебелі меймандарға қазіргі кезде оқу ошағында 2 800 бала білім алып, 159 педагог еңбек ететіні жөнінде ақпарат берілді. Биылғы оқу жылында «Цифрлы мектеп» жобасы дайындалып, жаратылыстану және математика пәндері 7 бағытта, атап айтқанда, IT STEM, FAB LAB, роботты техника, қолданбалы математика, биоинженерия, математикалық модельдеу, биохимия салаларына бөліп оқытылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян араб тілі кабинетін көрді. Мектеп оқушылары араб тілі мен әдебиетін меңгеруде жеткен жетістіктерін танытты.

Оқушылар Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагеріне мектеп музейін таныстырды. Онда екі елдің ынтымақтастығы мен достығына арналған көрме ұйымдастырылған. Экспозицияға ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі араб әлемі жөнінде сыр шертетін кітаптар, ұлттық киім үлгілері мен тарихи жәдігерлер қойылған.