АҚШ-тың Астанадағы елшілік аумағына киіз үй тігілді
10 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Фото: usinkz
Астанадағы АҚШ елшілігінің аумағына киіз үй орнатылды. Шараға АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм де қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Дипломатиялық департаменттің Instagram желісінде киіз үйдің орнатылып жатқаны көрініс тапқан видео жарияланды.
Елші Розенблюм елшіліктің ауласына қазақ үйді орнату рәсіміне үлкен қуанышпен белсене араласты. «Басқа халықтың тілі мен мәдениетін білу адамды сол халықпен тең етеді» деген ұлы Абай, - деп жазылған жазбада.
Видеода, сондай-ақ, Қазанғап Тілепбергенұлының күйі күмбірлеп тұрды.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорды қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Президент күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады
19 қыркүйек, 2024
Ішкі істер министрі Президентке есеп берді
18 қыркүйек, 2024
Президент Қырғызстанмен өткізу пункттерінде индустриялық кешен құру туралы Заңға қол қойды