АӨСШК-нің Аға лауазымды тұлғалар комитеті жылдың қорытынды отырысын өткізді
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК немесе Азия Кеңесі) Аға лауазымды тұлғалар комитетінің қатысушылары Азия кеңесінің 2023 жылғы жетістіктерін қорытындылау және ұйымның алдағы қызметін талқылау мақсатында 2023 жылғы 12 желтоқсанда Астанада отырыс өткізді, деп хабарлады Elorda.info АӨСШК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің, ұйымға төрағалық етіп отырған Қазақстан тарапының және АӨСШК Хатшылығының жоғары лауазымды өкілдері осы жылдың негізгі қорытындыларына шолу жасады. Сондай-ақ 2024 жылға арналған жоспарлар мен АӨСШК негізгі салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі тұжырымдамаларды бекітті. Бұған қоса бақылаушы мемлекет мәртебесін алуға түскен өтінімді қарап, басқа халықаралық ұйымдармен болашақтағы ынтымақтастық жайын талқылады.
Аға лауазымды тұлғалар комитеті отырысының төрағасы, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мүше мемлекеттерді 2023 жылғы елеулі жетістіктер, АӨСШК-нің ағымдағы қызметі және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары, оның ішінде трансформация жол картасын іске асыру туралы хабардар етті. Жол картасын 2023 жылғы қыркүйекте АӨСШК Министрлер Кеңесі мақұлдаған болатын.
АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай 2023 жылы АӨСШК Хатшылығының қызметі туралы Хатшылықтың өтіп бара жатқан жылдағы жұмысының барлық бағытын қамтитын жыл сайынғы баяндамасын ұсынды. Сондай-ақ 2024 жылға арналған жоспармен таныстырды.
Аға лауазымды тұлғалар комитеті сенім шараларын іске асыру жөніндегі жоспарды және ұйымның жылдық жоспарлауының негізгі құжаттары болып саналатын АӨСШК Хатшылығының 2024 жылға арналған бюджетін бекітті.
Сонымен қатар Аға лауазымды тұлғалар комитеті Моңғолия мен Иран дайындаған АӨСШК-нің «Қоршаған ортаны қорғау» және «Табиғи апаттарға қарсы күрес» басым салалары бойынша тұжырымдамалардың екі жобасын қарап, мақұлдады.
Айта кету керек Аға лауазымды тұлғалар комитеті Сауд Арабиясы Корольдігінің АӨСШК-ға бақылаушы мемлекет ретінде қосылу туралы өтінішін қарады және АӨСШК Министрлер Кеңесіне Сауд Арабиясына АӨСШК бақылаушысы мәртебесін беруді ұсынды. АӨСШК қатарының кеңеюі жағымды оқиға болып саналады. Сауд Арабиясының АӨСШК қатарына кіруі диалог пен ынтымақтастық үшін паназиялық ұйым ретінде АӨСШК-ны одан әрі дамыту тұрғысынан маңызды.
Отырыстың негізгі сәттерінің бірі жақында Бангладештің ратификациялау нәтижесінде артықшылықтар мен иммунитеттер туралы АӨСШК Конвенциясының күшіне ену үдерісіндегі ілгерілеу болды.
Сонымен қатар Аға лауазымды тұлғалар комитеті қатысушылары бүкіл Азия құрлығына пайда әкелетін осы құрылымдар арасында тиімді синергия құру үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШҰҰ), Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (ОШАМҚ) және БҰҰ Терроризмге қарсы басқармасы сияқты басқа халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнату, аталған құрылымдармен тиімді өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселесін талқылады.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК немесе Азия Кеңесі) Аға лауазымды тұлғалар комитетінің қатысушылары Азия кеңесінің 2023 жылғы жетістіктерін қорытындылау және ұйымның алдағы қызметін талқылау мақсатында 2023 жылғы 12 желтоқсанда Астанада отырыс өткізді, деп хабарлады АӨСШК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.