00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                                                  Қ.Тоқаев

 

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 27 наурыз

 

                      № 153