00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
ашық дереккөз

Сенбі, 4 ақпанда, Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elorda.info Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» ұлттық компаниялары басшыларының қатысуымен жаңа кен орындарын барлау және игеру, қайта өңдеу және газ химиясы салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ жалпы, газ саласын дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралар талқыланды.

Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кен орындарының ағымдағы өндірістік балансы және перспективті учаскелердің әлеуетті қуаты қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр бірқатар нақты тапсырма берді.