Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа сенатор сайлау қашан өтеді
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Гүлмира Кәрімованың орнына жаңадан сенатор сайлау рәсімі қалай өтетіндігін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.
Қаза болуына байланысты Сенат депутатының өкілеттігі тоқтағаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы 2 айдың ішінде шығып қалған депутаттың орнына өңірде сайлау өткізуі тиіс. Мәслихаттың таратылып, таңдаушылардың болмауына байланысты сайлаудың өзін тағайындау мәслихаттардың жаңа құрамы сайланғаннан кейін ғана мүмкін болады. Яғни, 19 наурыздан кейін ғана. Бұл 2 айдың ішінде сайлаудың тағайындалуы қажеттігі туралы заң нормасына қайшы келмейді, - деді Константин Петров.
Айта кетейік, бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.